Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады

955

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздегі барлық ардақты аналар мен аруларды көктем мезгілігінің ең жарқын, мерейлі мейрамы 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады

"Барша Қазақстан әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сондықтан, айтулы мерекеде абзал аналар мен аяулы аруларға зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш, шаттық тілеймін!" - деп жазды Н. Нығматулин Twitter -дегі парақшасында.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы қазақстандық әйелдердің жоғары кәсіби қасиеттерімен қатар, әрдайым нәзіктігімен ерекшеленетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әйелдер қауымы шаңырағының ұйытқысы болып, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықты құрметтеу рухында тәрбиелеп, еліміздің дамуына, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті заңдардың қабылдануына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, Мәжіліс спикері ел басшылығының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға, ана мен баланы қолдауға аса маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше көңіл бөлетініне назар аударды.

"Барлық әйелдерге көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, амандық және барлық бастамаларына табыс тілеймін!" – деді Нұрлан Нығматулин.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу