Нұрлан Нығматулин Чех Республикасына ресми сапармен барды

779

Нұрлан Нығматулин Чех Республикасына ресми сапармен барды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Чех Республикасына ресми сапары барысында Чех парламенті палаталарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды parlam.kz.

Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен жүздесу барысында мәжіліс спикері өз әріптесін палатаның құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтай келіп, парламентаралық үнқатысудың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының зерттеу және инновацияны қолдау әрі реттеу бағытында арнайы қабылдаған заңы қазақстандық парламентшілердің қызығушылығын тудырғанын жеткізді. Кездесу барысында тараптар бейінді комитеттер деңгейінде өзара ықпалдастықты тереңдетуге айрықша назар аударды.

Радек Вондрачек біздің еліміздің БҰҰ ҚК аясындағы жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстан мен Чехияның тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы қадамдарын атап өтті. Одан әрі Нұрлан Нығматулин Чехия парламенті сенатының төрағасы Милан Штехпен кездесіп, ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бағыттарын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу