Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесінен шығарылды

1615

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңісінен шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.    

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесінен шығарылды

Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс XXII съезінде саяси кеңестің құрамынан Нұрлан Нығматулин шығарып, оның орнына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ саяси кеңестен Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Оспанбек Әлсейітов шығарылды. Кеңес құрымына Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу, "Қазақ тілі қоғамының" вице-президенті Максим Рожин, "Астана" медициналық университетінің ректоры Камалжан Нәдіров енді. Делегат мүшелері бұл ұсыныстарды қолдады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу