Нұрлан Нығматулин Венада өтетін парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады

791

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.   

Нұрлан Нығматулин Венада өтетін парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады Фото: parlam.kz

Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады.

Парламент өкілдері көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған.

Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу