Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

162

 Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды Фото: ТМД Атқару комитеті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нұрлан Сейтімов – тәжірибелі маман. Біздің ТМД Атқару комитетіндегі бірлескен жұмысымыз жарқын әрі нәтижелі болатынына сенімдімін. Жұмысқа деген ынтаңыздың жоғары екені көрініп тұр, алда көп жұмыс күтіп тұр", – деді Сергей Лебедев.

Нұрлан Сейтімов өз жауабында осындай беделді халықаралық ұйым қызметкерлерінің қатарында болғанына қуанышты екенін білдірді. 

"Мен өз тарапымнан жүктелген жұмысты лайықты деңгейде жалғастыру үшін бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсайтыныма сендіргім келеді", - деп атап өтті Нұрлан Сейтімов.

Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына келді.

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. Семей технологиялық институтын және әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын үздік бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты, неміс тілін біледі. Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесі бар. "Құрмет" орденімен марапатталған. Үйленген, ұл, қызы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу