Нұрлан Смағұлов Алматыдағы Nissan автоорталығын сатты

958

Нұрлан Смағұлов Алматыдағы Nissan автоорталығын сатты

"Астана Моторс" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов Алматы қаласындағы Nissan автоорталығын сатты. Бұл туралы бизнесмен автокөліктер сатылымына қатысты болған баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

2006 жылдың 26 маусымында "Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін A-Motors Auto Nissan-ның Ресейдегі өкілдерімен дилерлік келісім жасаған. Оcы сәттен бастап A-Motors Auto Nissan концернінің Қазақстандағы ресми дилері атанды.

Ал 2016 жылы "Астана Моторс" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов Алматыдағы Сүйінбай даңғылында орналасқан Nissan автоорталығының сатылғанын айтты.

"Өздеріңіз байқағандай өткен жылы Astana Group көп нәрсені сатты. Ақтөбе, Шымкент, Астанадағы Mega ойын-сауық орталығы сатылды. Астана Моторсқа келер болсақ, компания Nissan автоорталығын сатты. Себебі бұл марканың үлесі  біздің нарықта көп болған жоқ. Сатудан түскен ақшаны дилер орталықтарын дамытуға жұмсадық", — деді Нұрлан Смағұлов.

Бизнесмен басқа автоорталықтарды сату мәселесін қарастырмайтынын атап өтті.

"Қазір бізде бәрі жақсы. Hyundai, Subaru, BMW, MINI, Rolls-Royce, Toyota, Lexus маркалы автоорталықтары қалды. Ал мұндай бренд орталықтарын сату туралы жоспарымыз жоқ", — деді ол.

Қазақстандағы автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында Nissan маркасының 1329 автокөлігі сатылған. Бұл Қазақстандағы автокөлік нарығының 3,24%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу