Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group өкілдерімен кездесу өткізді

95

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растады.  

Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group өкілдерімен кездесу өткізді Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group компаниясының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстанда өндірістік және энергетикалық нысандарды құруды көздейтін алюминий саласындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.  

Атап айтқанда, компания Қостанай облысында жалпы құны $10 млрд-тан асатын өндірістік кешенді іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба бокситтерді өңдейтін тау-кен байыту комбинатын, алюминий өндіретін электролиз зауытын және жел электр станциясын салуды қамтиды.

Тараптар жобаны пысықтаудың ағымдағы мәртебесін, сондай-ақ шикізат базасымен, энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастырды.

Анықтама: East Hope Group әлемдегі ең ірі электролиттік алюминий, глинозем және поликремний өндірушілердің қатарына кіреді. 2010 жылдан бастап компания Қытайда электролиттік алюминий, өнеркәсіптік кремний және поликремний өндірісін, сондай-ақ қуаттылығы 4,2 ГВт болатын автономды электр станциясын қамтитын біріктірілген өнеркәсіптік паркті құруға шамамен $10 млрд инвестициялады. Жоба аясында 10,7 мың тікелей және 30 мыңнан астам жанама жұмыс орны құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу