Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты болды

478

Amanat партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Нұрсұлтан Байтілесовке берілді.  

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты болды Фото: ruh.kz

Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

33 жастағы Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Астана, Атырау, Павлодар облыстарының соттарында қызмет етті. Әскери соттың әкімшісінің басшысы, Шымкент қаласындағы соттар әкімшісі болды.

2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу