Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        