2019 жылы 20 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 5 миллионыншы жолаушысы анықталады. Жалпы 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында жолаушылар саны 4,6 млн адамға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2 %-ға жоғары. Ал рейстер саны 19 мыңнан асты. Яғни, көрсеткіштер 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7 %-ға артқан.
"Бұл биылғы жылы жаңадан ашылған ішкі және халықаралық әуе бағыттарының арқасында жүзеге асып отыр. Осыған орай, ертең елорда әуежайында 5 миллионыншы жолаушыны анықтауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылады",– деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        