Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанмен келіссөз жүргізуді ұсынды

1529

Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО-да бақылаушы ел болу үшін Әзербайжанмен келіссөз жүргізу бастамасын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанмен келіссөз жүргізуді ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық бірлестіктің қалыптасу кезеңі өткенін алға тартып, ұлттық экономикалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ауқымды бірыңғай нарық құрылғанына назар аударды. 

"Жаһандық сын-қатер жағдайында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету талап етіледі", – деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында. 

Нұрсұлтан Назарбаев көпжылдық келіспеушіліктен кейін Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас біртіндеп қалпына келе бастағанын атап өтіп, байқаушы мәртебесінде ЕАЭО шеңберіндегі жұмысқа атсалысу үшін Әзірбайжанмен келіссөз жүргізуді ұсынды.  

Құрметті төрағаның сөзінше, ортақ нарықтағы шектеулерді уақыт оздырмай алып тастау қажет. Қазіргі кейбір кедергілер ұйымға мүше мемлекеттерді негізгі мақсатынан алшақтатады. 

"Бізге экономиканы дамытудың жаңа тәсілдері мен жоғары технологиялық шешімдерге баса назар аудару керек. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жаңа бағыттарды айқындай отырып, дамудың ескі моделінен шығу жолын табуға тиіс. Тараптардың келісілген күш-жігері экономиканы ілгерілетудің кілті  болып табылады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу