Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандық ақшаны мемлекеттен жасырып отырсыңдар

1088

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандық ақшаны мемлекеттен жасырып отырсыңдар

Астанада өткен "Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні" жалпыұлттық телекөпірі барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржысын шетелде сақтап отырған барлық адамға қаратып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz. 
Мемлекет басшысының сөзінше, қазақстандық бизнесмендердің көпшілігі өз қаржыларын басқа елдерде босқа сақтап отыр, бұл Қазақстанның инвестиция деңгейі мен экономикасына кері әсер етеді. 
"Қорды Қазақстаннан шығарып, басқа елде ұстайды. Қорды шығарудың бір жолы - жалған, күдікті экспортты келісім жасау. Экспортер қызмет тауарын шетелге жөнелткенімен, бұған төлем алмайды. Немесе импортер ақшасын шетелге жіберіп, тауарды да, ақшаны да қайтарып алмайды. Алдау. Қолданыстағы валюта заңнамасы келісімшартты алдап, бірнеше жыл бойы жауапкершіліктен қашып жүруге мүмкіндік береді", - деді Назарбаев. 
Мемлекет басшысы заңдастырған кезде олардың қоры зиян шекпейтінін айтты. 
"Ертеңнен бастап олар ақшасын заңдастыру үшін заң жобасын жасауды бастау керек. Ақшаны қайтарып, Қазақстанда ұстаңдар. Сендерге қандай кепілдік керек? Заң керек пе, бұйрық керек пе? Мен бәрін істеймін. Жасамасаңдар, өзіміз істейміз. Ренжімеңдер. Сол кезде айтқам. Қараңдар, 18 отандық компания 12 миллиард долларды шетелде сақтап отыр. 18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. "Теңізшевройл" - 4,5 миллиард долларды, "ҚазМұнайГаз" - үш миллиард долларды, "РД "ҚазМұнайГаз" - екі миллиард долларды, "Азиялық газ құбыры" - миллиард доллардан аса теңгені шетелде ұстап отыр. "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры - 100 миллионды... осылай кете береді. Ол ақша экономикамызға көмектесіп, Қазақстан үшін жұмыс істер еді. Қазақстандық ресурстан табыс тауып отырып, осында жұмыс істей отырып ақшаны неге ол жақта сақтайсыңдар? Неге ол ақша Қазақстан үшін, инвестиция үшін жұмыс істемейді? АҚШ-тың ісі ұнады - барлық оффшорды ашып тастады. Үлескер ретінде үкіметке бұл іспен айналысып, маған баяндап тұруларын тапсырамын. Егер істемесеңдер, ескертіп қояйын, бұл ақшаны қайтару үшін басқалай жұмыс істейтін боламын. Бірақ ол кезде сендер болмайсыңдар. Сендерден тартып алайын деп отырған жоқпыз. Мемлекет кәсіпкерлік арқылы бұл ақшаны табуға мүмкіндік берді, қазақстандық ақшаны мемлекеттен жасырып отырсыңдар. Жетер", - деді Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу