Нұрсұлтан Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

827

Бұл туралы Беларусь президентінің ресми сайты хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті Фото: ТАСС

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні түстен кейін сөйлескен. Әңгімелесу барысында халықаралық ахуал, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастары талқыланған.

Сонымен қатар жексенбі күні, таңертең Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлескен.

Сенбі, 24 маусым күні таңертең Владимир Путин Александр Лукашенкомен елде көтеріліс жасамақ болған "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің әрекетіне қатысты сөйлескен еді.

Кейінірек олар телефон арқылы Пригожинмен келіссөздердің нәтижесін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу