Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шекарадағы жағдай туралы сөйлесті

966

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шекарадағы жағдай туралы сөйлесті

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков бейсенбі күні Минскте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәселелерді сөз етті, деп хабарлайды Интерфакс.
Екі ел басшысы Минскке ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) саммитіне қатысуға келген болатын.
"Екі ел үкіметі желтоқсан айында қарым-қатынасқа байланысты бірқатар мәселелерді реттеудің "жол картасын" толықтыруы керек. Сол кезде біраз мәселе шешімін табады, себебі шешілмейтіндей емес. Шекараға ЕАЭО-қазақ-қырғыз тарапынан бақылау қоймасақ, болмайды деп шештік. Ал шекаралар "жол картасына" қол қойылмай жатып-ақ ашық болады.  Рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы!", - деді Жээнбеков кездесуде. 

Кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан президенті енді екі ел арасындағы туысқандық-бауырластық қатынастың ретке келетінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу