Нұрсұлтан Назарбаев Сербияның Премьер-министрі Александр Вучичпен кездесті

882

Нұрсұлтан Назарбаев Сербияның Премьер-министрі Александр Вучичпен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысының Сербияға биылғы тамыздағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Сербия біздің республиканың Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналатынын және экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін жеткілікті әлеуеттің бар екенін атап өтті.

"Қазақстанда Сербияның 24 кәсіпорны тіркелген, алайда оның қазір тек 15-і жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, Сербия бизнесінің Қазақстанда табысты жұмыс жүргізіп отырғанының көрсеткіші ретінде метрополитен, кеңселер және банк ғимараттары құрылысына атсалысып отырған компанияны атап айтуға болады. Ең алдымен экономикалық ынтымақтастықты жалғастырып, оны арттыруға мүмкіндіктің бар осыдан-ақ екенін көруге болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметімен Сербия тарапының жүргізетін жемісті келіссөздері, бұл елдің алдағы бірлескен бизнес-форумға қатысуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Сербия компанияларын "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

"Сіздер әлемнің үздік оқытушыларының басын қосып, білім берудің жетекші дәстүрлерін ұштастырған Назарбаев Университетінде боласыздар. Университет студенттердің білім алуы үшін заманауи үздік материалдық-техникалық құрылғылармен жабдықталған, оқу орнының ең басты мақсатының бірі – мемлекеттік міндеттерді тиімді іске асыру үшін жоғары деңгейдегі кадрлар даярлау", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сербия Премьер-Министрі қонақжайлық танытқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, еліміз бен Астананы дамытуға оның зор үлесі қосқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, А.Вучич экономиканың түрлі саласындағы Қазақстанның даму тәжірибесі Сербия үшін пайдалы екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу