Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәртебеден айырылады

920

"Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" сынды бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.  

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәртебеден айырылады Фото: www.nur.kz

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау бойынша түзетулер көзделген", - делінген Сенат қорытындысында.

Заңның қолданыстағы редакциясында Жоғары қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес Президент немесе ол тағайындаған адам Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу