Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

700

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу