Димаштың "Voice Beyond Horizon" жобасының жеңімпазы анықталды

229

Өнерпазды жеңісімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. 

Димаштың "Voice Beyond Horizon" жобасының жеңімпазы анықталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев "Voice Beyond Horizon" халықаралық жобасында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр өз құттықтауында өнерпаздың таланты, табандылығы мен сахнадағы шеберлігі халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, Нұржастың жетістігі – қазақ өнерінің абыройын асқақтатқан маңызды оқиға.

"Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты", – деді Аида Балаева.

Министр жас өнерпазға алдағы шығармашылық жолында жаңа жетістіктер тілеп, қазақ өнерінің халықаралық деңгейде дами беруіне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу