Нысана көздеу: Германиядан бес медаль бар

1549

Германияның Ганновер қаласында нысана көздеуден халықаралық турнир өтуде. 

Нысана көздеу: Германиядан бес медаль бар

Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Тапаншамен 50 метрге атуда Владимир Исаченко үздік үштікке енді. Юрий Юрков 50 метрге винтовкамен нысана көздеуде жүлделі екінші орынға иелік етті. 

Жасөспірімдер командасы үш медаль жеңіп алды. 10 метрге тапаншамен атудан Ярослав Махнев, тез ататын қарумен 25 метрді көздеуден Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды. 

Эльдар Иманқұлов, Никита Чирюкин және Ярослав Махнев үштігі командалық жарыста екінші орынға тұрақтады. 

Еске сала кетейік, нысана көздеуден Қазақстан командасы мамырдың ортасында Мюнхендегі лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу