Нысана көздеуден Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Елизавета Король қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz
Ол пневматикалық винтовкамен 50 метрге нысана көздеуден іріктеу кезеңін 8-ші орында аяқтаған болатын. Финалда Король өз нәтижесін жақсартып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, 1171 ұпаймен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Әлем кубогі кезеңдерінде Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алу мүмкіндігі жоғары.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу