Нью-Йорк көшелерін су басты

368

Желіде суреттер тарады.  

Нью-Йорк көшелерін су басты Фото: бейнежазбадан

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында нөсер жаңбыр мен қолайсыз ауа райы салдарынан көшелерді топан су басқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Media.az басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, желіде тараған кадрлардан тұрғындардың қолшатыр мен сөмкелердің көмегімен толассыз жауыннан қорғануға тырысқаны байқалады. Кейбір көліктер дөңгелегіне дейін су астында қалған.

Қолайсыз ауа райына байланысты мегаполистегі көптеген көшені су басып, ағаштар жолдарға құлаған. Қоғамдық көлік қозғалысында жаппай іркілістер тіркелгені де айтылады.

20 мамыр кешінде Нью-Йорк қаласында, соның ішінде Куинс пен Бруклин аудандарында дауыл тұрып, найзағай ойнады. Билік бірқатар ауданда көлік магистральдерінің кейбір бөліктерін жабуға мәжбүр болды. Кей жолдарда құлаған ағаштардың салдарынан қозғалыс тоқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу