Нью-Йорк соты Трампқа 2 млн 800 мың доллар айыппұл салды

975

Осы шудан кейін Трамп өзінің қайырымдылық қорын жауып тастаған болатын. 

Нью-Йорк соты Трампқа 2 млн 800 мың доллар айыппұл салды

АҚШ Президенті 3 жыл бұрын сайлау кампаниясына қажет қаржыны, өзінің қайырымдылық қорының есебінен алған. Нью-Йорк соты Трампқа осы әрекеті үшін 2 млн 800 мың доллар айыппұл салды.

Талап арызда Ақ үй жетекшісі және оның қорына иелік ететін 3  баласы сайлау кампаниясын қаржыландыру туралы заң талабын бұзған деп жазылған. Өйткені қайырымдылық қорынан қаржы аударылғанда салықтық жеңілдік жасалады.

"Трамптың қоры" соны тиімді пайдаланған. Осыдан кейін Нью-Йорктың Бас прокуроры Президентке және оның балаларына кез келген коммерциялық емес ұйымның директорлар кеңесі құрамына кіруге тыйым салды.

Осы шудан кейін Трамп өзінің қайырымдылық қорын жауып тастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу