Нью-Йоркте екі ұшақ соқтығысып қалды

530

Бір адам зардап шекті. 

Нью-Йоркте екі ұшақ соқтығысып қалды Фото: Pixabay

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Ла-Гуардия әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысып, салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ABC телеарнасы хабарлағандай, сәрсенбі күні кешке Delta әуе компаниясына тиесілі екі ұшақ төмен жылдамдықпен соқтығысқан. Бір ұшақтың оң жақ қанаты екінші ұшақты соғып өткен.

Оқиға салдарынан бортсерік жарақат алған. Ұшақ бортында болған 85 жолаушы шұғыл түрде эвакуацияланып, қонақүйлерге орналастырылды. Жолаушыларға келесі күні жаңа рейстер ұсынылатыны айтылған.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардың тікелей ұшу жолағында түсірілгенін және автобуспен терминалға жеткізілгенін растады. Бұл оқиға Ла-Гуардия әуежайының жұмысына әсер етпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу