Нью-Йоркте Трамптың кортежін өткізу үшін Макронның көлігін тоқтатты

836

БҰҰ Бас Ассамблеясынан қайтып келе жатқан Франция президентінің көлігі бірнеше минутқа жолда тұрып қалады.  

Нью-Йоркте Трамптың кортежін өткізу үшін Макронның көлігін тоқтатты Фото: Видеодан скриншот

Себебі дәл сол сәтте АҚШ президентінің кортежі өтетін болып, полицейлер жолды жауып тастаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол кезде Эммануэль Макрон көлігінен түсіп, жолдағы полиция қызметкерімен сөйлеседі.

Француз басылымдарының жазуынша, полицей не айтарын білмей, ыңғайсызданған.

Осы оқиғадан соң Макрон Трампқа телефон шалып: "Қалайсың? Не болғанын білесің бе? Сенің кесіріңнен көшеде кептеліп тұрмын", – деп күледі.

Франция президенті сол сәтте тұрғындармен тілдесіп, суретке түсіп үлгереді. Әрі қарай Макрон елшілікке жаяу кетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу