banner

О.Құдайбергенов: Инфляция мәселесі жақын арада шешімін таппайды

616

Қазақстанда инфляцияны қысқа мерзімде төмендетудің нақты бір құралдары жоқ, бірақ келер жылға үміт бар.  

О.Құдайбергенов: Инфляция мәселесі жақын арада шешімін таппайды Фото: inform.kz

Стратегиялық бастамалар форумы аясында CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов "жергілікті дүкен сөрелеріндегі тауарлардың басым көпшілігі импортталады, сондықтан инфляцияны ұстап тұру мүмкін емес" деп ойымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz.

"Инфляцияға қатысты айтар болсақ, мәселе қысқа мерзімде шешімін таппайды. Талдаушылардың айтуынша, биыл инфляция көрсеткіші өз максимумына жетті, келесі жылы біраз төмендеуі мүмкін. Ұзақ мерзімдегі шешімдерді айтар болсақ, алдымен өзіміздің өндірісімізді дамыту, екіншіден, валюталық тұрақтылықты қамтамасыз етуіміз керек", - деді Олжас Құдайбергенов.

Оның ойынша, инфляция бір ғана бізді емес, бүкіл әлемді шарпыған үрдіс.

"Кейінгі кездері дамыған елдерде саяси ахуалға жол беріліп, халық наразылығы өршуде, егер бұлай жалғаса берер болса, инфлияция оларға да күшейе түседі. Ал біз, шыны керек, оларға тәуелді екенімізді ескерсек біздегі инфляция да күшейетіні айдан анық", - деді CSI аға серіктесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу