ОАР президенті қызметінен босатылды

968

ОАР президенті қызметінен босатылды

Африкалық ұлттық конгресс партиясының атқарушы комитеті Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зуманы қызметінен босатты, деп хабарлайды 24.kz.
Ресми ақпарат бойынша, партияның атқарушы комитеті мемлекет басшысын отставкаға жіберуге қауқарлы. Дегенмен, Джейкоб Зуманың бұл кесіммен келіскен-келіспегендігі белгісіз. Бұған дейін президентке шешім қабылдауға 48 сағат берілген еді. Бірақ әзірге ол осы жайтқа қатысты тіс жармай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі саяси шиеленіс өткен жылдың желтоқсан айында өршіп кетті. Ол кезде Зуманың қарсыласы, вице-президент Сирила Рамафоса басқарушы партияның басшысы болып тағайындалған еді. Мемлекет басшысына "жемқорлықпен айналысты" деген айып тағылды. Ал оппозиция болса, парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр.
"Сайлаудың демократия талаптарына сай өткізілгенін қалаймыз. Зума қызметінен кеткен соң елдегі жағдай жақсарады деу қателік. Барлық түйткілдерді түбірімен жою үшін, өзгерісті  алдымен партиядан бастау керек", - оппозиция өкілі Джулиус Малема.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу