Обама дауысын Хиллари Клинтонға берді

738

Обама дауысын Хиллари Клинтонға берді

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Хиллари Клинтонға уақытынан бұрын дауыс берді, деп хабарлайды The Los Angeles Times. Басылымның айтуынша, қазіргі президент Хиллариға АҚШ-тың болашағын сеніп тапсыра алатынын айтқан, деп жазады egemen.kz.

"Мен дауыс беріп қойғанмын. Өз дауысымды Хиллари Клинтонға бердім. Сіздер де солай істеңіздер", — деді Мичиган штатында сөз сөйлеген Обама.

Ал өз жеңісіне сенімді болған Хиллари Клинтон алдын ала отшашуларға тапсырыс беріп қойғанымен, ол ойынан бас тартыпты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін АҚШ-та Президент сайлауы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу