"Объективті ақпарат керек": Үкімет басшысы Алматы ЖЭО-ларындағы жұмыс қарқынын тексеруді тапсырды

234

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. 

"Объективті ақпарат керек": Үкімет басшысы Алматы ЖЭО-ларындағы жұмыс қарқынын тексеруді тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті", – деп сұрады Олжас Бектенов.  

"Самұрық-Энерго" компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов бұл жобалардың жүзеге асырылуы ерекше бақылауда екенін айтты. Оның айтуынша, мердігер ұйымға жұмыстарды күшейтіп, құрылыс алаңдарында үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу тапсырылған. Қысқа мерзімде нысандарда 1,5 мың жұмысшы тартылып, негізгі жабдықтар құрылыс алаңына жеткізілген. Қосалқы жабдықтар екі ай мерзім ішінде жұмыс алаңына жеткізіледі.

"Роман Васильевич, өзіңіз барып тексеріңіз, сосын нәтижесін маған баяндаңыз. Объективті ақпарат керек", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу