Одақтағы кедергілер алты басты айдаһар сияқты – Михаил Мясникович

1102

2017 жылғы келісімдер әлі толық іске аспай отыр.

Одақтағы кедергілер алты басты айдаһар сияқты – Михаил Мясникович

Одақ аясындағы кедергілерді жою шаралары жаңа тосқауылдар туындатып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович  Қазақстан Президентімен кездесуін қорытындылаған баспасөз жиынында осындай пікір айтты.

"Біз, сондай-ақ, Еуразия экономкалық одағының сыртқы экономикалық контуры қайткенде сенімді қорғалады, одақтас елдердің тауар өндірушілері мен саяси элиталарының мүддесін қалай сақтаймыз деген мәселелерді талқыладық. Сауда айналымында кедергілерді экономикалық комиссия емес, одақтас елдер қойып отыр. Неге? Өз елінің нарығын үшінші тараптың сенімсіз елдерінен, тіпті кейде одақтағы сенімсіз серіктестерден қорғау үшін де кедергілер қойылған болуы мүмкін. Ұлттық тетіктер арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау әрекеті де бар. Салдарынан одақ мүшелерінің бәрі наразы күйге түсіп отыр. Біздің комиссия айқын есеп арқылы елдердің бір-біріне қойып отырған кедергілері тиімсіз екенін көрсетуге күш салатын болады", – деген комиссия басшысы кедергілерді жойған сайын жаңа мәселелер туындап отырғанын айтты. 

"Менің ойымша, ескі кедергілерді жоямыз деп жүріп, жаңа тосқауылдарға жол ашпау жағына мән беру керек. Ертегідегі алты басты айдаһардай, шапқан сайын басы көбейе бермеуі керек. Негізі бұл шаруа 2017 жылғы келісімшарт негізінде тындырылуы керек болған. Бірақ соңына дейін тиянақты шешілмегенін көріп отырмыз. Комиссия барлық күш-жігерін қазіргі тосқауылдарды жойып, жаңа кедергілерді пайда болдырмауға бағыттайды", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу