Оффтейк-келісімшартты кепіл ретінде пайдалануға болады

1365

"Самұрық-Қазына" өз жобаларына келісімшарт негізінде кепілдік бермекші.

Оффтейк-келісімшартты кепіл ретінде пайдалануға болады

"Самұрық-Қазынамен" оффтейк-келісімшартқа отырған кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерге келісімшарт құжаттарын кепіл ретінде ұсына алады. Бұл туралы ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов айтты.

"Мына маңызды мәліметті айта кеткім келеді. Оффтейк-келісімшарттарды кепілдік көзі деп мойындау туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қаржылық институттар қауымдастығымен бірге офтейк-келісімшарт  типін бекіттік. Бүгінде осы оффтейк-келісімшарттарды екінші деңгейлі банктер кепіл көзі ретінде қабылдай алады. Яғни бизнеске жаңа өндіріс ашу үшін қосымша кепіл көзі пайда болды деген сөз", – дейді Әлішер Пірметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу