Өгей анасы ұрып-соққан баланың жайын білу үшін министрдің кеңесшісі жолға шықты

1450

Түркістан облысында мектеп мұғалімі оқушысының денесінен көгерген соққы іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырыпты. АІІБ баланы өгей анасының ұрып-соғатынын анықтады.  

Өгей анасы ұрып-соққан баланың жайын білу үшін министрдің кеңесшісі жолға шықты

Осыған байланысты білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың тапсырмасымен министрдің кеңесшісі Раиса Шер істің-мән жайын біліп, тексеруге жедел жолға шықты, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Баланың денесінде, тіпті пышақ іздері де бар болып шықты. Қазір бала апасының қолында.  

Бүгінгі таңда 140-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Енді тек өгей ана ғана емес, жәбір көрген баланың әкесі де ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу