Ойыншық тапаншамен қорқытқан: Ер адам ойын клубынан 4 млн теңге тонап кетті

417

Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Ойыншық тапаншамен қорқытқан: Ер адам ойын клубынан 4 млн теңге тонап кетті

Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды. Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ол бұндай іске бару үшін ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу