"ӨКМ Операторы" ісі: Айыпталушыларға сот үкімі шықты

377

Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты мәлім етті.  

"ӨКМ Операторы" ісі: Айыпталушыларға сот үкімі шықты Фото: kst.sud.kz

Сот ӨКМ-нің үш басшысы 2016 жылдан бастап экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың астыртын жәрдемімен бірнеше мәрте аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz. 

Сот шешіміне сәйкес, ұрлық пайдаланудан шыққан көлік құралдарын артық құны бойынша кәдеге жарату арқылы үлестес компанияның қызметтеріне негізсіз ақы төлеу жолымен жасалған. Салдарынан жалпы сомасы 26,8 млрд теңгеге залал келген. 

"Экология вице-министрі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кабельді өткізгіш өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін енгізген заңсыз бұйрыққа қол қойған. Осылайша 325 млн теңгеден астам сомаға залал келді. Сол кезеңде "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылары бұрынғы вице-министрдің астыртын жәрдемімен ЖШС шотындағы 180 млрд теңгені ұрламақ болған. Сотталушылар Қазақстан аумағында 6 қоқыс өртейтін зауыт салу кезінде ұрлық жасауды жоспарлады.  Олар құрылысты қаржыландыруды 2022 жылға арналған инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларға негізсіз енгізген", - делінген елорда қалалық соты таратқан ақпаратта.

ЖШС басшысы К. және құрылтайшысы М. (іздеуде жүр) коммерциялық ұйымдағы басқару функцияларын және өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, дивидендтер алу түрімен 920 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлады.

Соттушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының, мамандардың қорытындыларымен және келтірілген залалдың мөлшері 28,2 млрд теңгеге белгіленген аудиторлық есептермен дәлелденді.

"Сот үкімімен Светлана Коротенко 2016 жылдан 2019 жылға дейін ЖШС директоры) 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Медет Құмарғалиев те (2019-2022 жылдар аралығында мекеме басшысы) 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ахметжан Пірімқұлов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы директоры Рүстем Темірбек ҚК-нің 250-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР Заңының 3-бабының 1) тармақшасы негізінде оның жазасы ½-ге қысқарды және коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бүдан бөлек Мемлекет басшысына соттал,андарды мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізілмек. "Ж" АҚ-ның пайдасына 28,2 млрд теңгеге азаматтық талап қанағаттандырылды. Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған сотталғандардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу