ОҚО-да 1,3 миллион тонна бақша дақылы жиналды

863

ОҚО-да 1,3 миллион тонна бақша дақылы жиналды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында шаруалар 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылын жинады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу