ОҚО-да 28 жатақхана салыну керек

741

ОҚО-да 28 жатақхана салыну керек

Биыл ОҚО-да ЖОО және орта арнаулы кәсіптік колледж студенттерін жатақханамен қамту мәселесі шешімін таппақ, деп хабарлайды otyrar.kz.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында өңірдегі қоғамдық кеңестің құрамы бекітіліп, Лесбек Тәшімов төраға болып сайланды.

Өңірде 153 мың астам студент білім алуда. 11 330 жатақхана орнын қажет етеді, яғни, 28 жаңа жатақхана құрылысын салу қажет. Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал колледж студенттеріне 3530 орындық 11 жатақханаға қажеттілік бар. Бүгінгі күні 9 колледжге жатақхана салу үшін 5 гектар жер бөлінген. Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын болады.

"Ағымдағы жылы жеке құрылысшылармен 104 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Жыл соңында жалпы алаңы 121 мың шаршы метрді құрайтын 1454 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың барығы да "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін болады. Бүгінгі күнге 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Ағымдағы жылы 780 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беруді межелеп отырмыз", - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу