ОҚО-да 320 мың гектар жер егіс алқабына айналады

1439

ОҚО-да 320 мың гектар жер егіс алқабына айналады

ОҚО-да көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл ауа-райы қолайлы болып, көктемгі егін 130 мың гектардан астам жерге егіліп үлгерді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шаруалар 25,6 мың га жаздық - арпа, 28,3 мың га - жоңышқа, 43,4 мың га - мақсары, 7,2 мың га - картоп, 14,8 мың га - көкөніс, 11,4 мың га бақша екті. Меже бойынша облыста арпа - 42 мың га жерге, мақсары 109,5 мың га-ға ,жоңышқа - 51,6 мың га-ға , картоп -15,5 мың га-ға  және 60 мың га бақша дақылдары, 41 мың гектар жерге көкөніс егілуі керек. Жалпы 320 мың гектар жер егістік алқапқа айналады.

"Ал көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға облыста толық мүмкіндік бар, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

Олардың айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың га болады, өткен жылмен салыстырғанда  6,8 мың га артық межеленіп отыр екен. Оның ішінде арпа  -42 мың га, майлы дақыл - 116,5 мың га, дәндік жүгері - 54 мың га, мақта - 105 мың га, көкөніс, бақша, картоп -117,5 мың га, мал азықтық дақылдар - 237,8 мың гектар.

Сондай-ақ, мамандар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 38 мың тонна жанармай Шымкент мұнай өңдеу зауытынан бөлінгенін атап өтті. Осы уақытта өңірде жанармай тасымалдаушы операторлар тізімі белгіленіп, мұнай өңдеу зауытымен келісімшарт жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу