ОҚО-да бақша өнімдерінің импорты 33 пайызға кеміді

846

ОҚО-да  бақша өнімдерінің импорты 33 пайызға кеміді

ОҚО шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Шаруалар бақша өнімдерімен қоса бұл елдерге үндік еті, сусындар мен ірі қара мал азығы мен балық консервілерін шығарып келеді.
Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артып, жеміс импортының үлесі 99,3 млн долларға немесе 33,3 пайызға, ал көкөніс 6,2 млн долларға немесе 4,8 төмендеген.
Жалпы ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін саудалауда. 
Сонымен қатар дәнді дақылдар да экспортқа шығарылып жатыр. Жыл басынан бері шет мемлекеттерге құны 17,6 млн долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн долларға ұн өнімдері экспортталған. Өңірде ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу