ОҚО-да биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

870

ОҚО-да биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

ОҚО-да 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша биыл 11-сыныпты 33766 оқушы бітіреді, оның ішінде 26000 - қазақ, 2834 - орыс, 4605 - өзбек, 327 оқушы тәжік сыныптарының оқушылары. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, өңірде биыл 1692 мектеп бітіруші - "Алтын белгіге", 1029 түлек үздік аттестатқа үміткер. Ағымдағы жылдан бастап "Алтын белгі" иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған жағдайда, мемлекеттік грант бөлу жүйесінде "Алтын белгі" иегеріне басымдық берілмейді.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста 16 Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы бар, олардың 4-і ЖОО-ның базасында, 2-і аудан орталықтарында болса, 10-ы жалпы орта мектептерде орналасқан.

"Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пунктері арқылы жүзеге асады. Бүгінде тестілеу орталықтарында арнайы металіздегіш және ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш құрылғылар орналастырылған. Сондай-ақ, бейнетіргіштер мен онлайн көрсетілім үшін 133 аудиотория арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ұлтық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар, 2018 жылғы тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті бал – 50 болып белгіленіп отыр" , - деді Исатай Өмірзақұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу