ОҚО-да бүгінгі таңда 597 оқушы сабаққа діни киіммен қатысып жүр

906

ОҚО-да бүгінгі таңда 597 оқушы сабаққа діни киіммен қатысып жүр

Бүгінгі күні облыстық білім басқармаларының соңғы мәліметі бойынша облыстың орта мектептерінде 597 оқушы діни киіммен (орамалмен) сабаққа қатысуда. Қолданыстағы заң талаптарында діни киіммен мектепке баруға мүлдем тыйым салынған, деп жазады kz.otyrar.kz.

Атап айтқанда, "Білім туралы" Заңның 49-бабына сай ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. Мектеп формасына түрлі діни конфессияға қатысты киім элементтерін қосуға мүлдем болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 409-бабы 2-тармағында ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің ҚР-ның білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

"Кәмелет жасқа толмаған балаларға орамал тағып, діни киім кигізу өз еркілерінен тыс орын алуда. Бұл жерде ата-аналар балаларының құқтарын таптауда. Бұл мәселе күн тәртібінде өзекті болып тұрғандықтан, күнделікті атқарып жатқан жұмыстар облыс әкімінің бақылауында болады" деп қорытындылады өз сөзінде ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу