ОҚО-да экстремистік материал таратты деген күдікпен 12 адам жауапқа тартылды

768

ОҚО-да экстремистік материал таратты деген күдікпен 12 адам жауапқа тартылды

Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік материал таратқан күдіктілер қолға түсті. Олар әлеуметтік желі арқылы діни алауыздық тудырған, деп хабарлайды almaty.tv.

Арнайы жасақ өкілдері әзірге 12 күдіктіні матап үлгеріпті. Олардың жандайшаптары болуы мүмкін деген тұспал бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан дерекке сүйенсек, тұтқындалған азаматтар Түркістан, Арыс және Кентау қалаларының тұрғындары. Араларында Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының тумалары да бар. Қазір күдіктілер қамауға алынып, оларға тергеу тағайындалған.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу