ОҚО-да электр шамын шығаратын зауыт ашылады

813

ОҚО-да электр шамын шығаратын зауыт ашылады

ОҚО Бәйдібек ауданы әкімі Б.Танагөзов, кәсіпкер О.Ботбай Қытай Халық Республикасынан "Jiangsu Yimei Mei Project Management Co, Ltd" кәсіпорынның басшысы Yuan Lin мен оның қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қытай Халық Республикасының кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерін шақырып, аудан әкімімен арнайы кездесу ұйымдастырып отырған кәсіпкер О.Ботбайдың негізгі мақсаты - "Шаян" индустриялды аймақтан электр шамын шығаратын зауыт ашу. Қытай кәсіпкерлері индустриялды аймақтан электр шамын жасайтын зауыт ашуға қызығушылық танытып отыр. Осы бойынша арнайы кездесу жиыны өтіп, екі жақты келіссөздер жүргізіліп, "Шаян" индустриялды аймақтан электр шамдарын шығаратын зауыт ашу бойынша меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу