ОҚО-да кастор майын шығаратын зауыт іске қосылды

1460

ОҚО-да кастор майын шығаратын зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында кастор майын шығаратын зауыт  іске қосылды. Жоба құны – 200 млн теңге, деп мәлім етті "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне кәсіпорын басшысы Кеңесбай Төреқұлов.

"Қыдырбай ата 12" ЖШС жылына 1 тоннаға дейін кастор майы шығаруды көздеп отыр.

"Қазіргі таңда  кәсіпорын алғашқы өнімді алды. Ол үшін бірнеше айдай уақыт кетті.  Бастапқы өнімнің құрамы, тұтқырлығы тиісінше болмады. 29 қазанда  майдың стандартқа сәйкес келетіндігін растайтын зертханалық талдауларды алдық.  Бұған дейін Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларуське кастор майы Үндістаннан тасымалданып келді. Енді олармен бәсекелесетін боламыз", – деді К.Төреқұлов.

Төреқұловтың айтуынша, өнімді Ресейге тасымалдау жөнінде келісім жасалды, енді Қытайға жөнелту туралы келіссөздер жүріп жатыр.  Қазіргі таңда  кәсіпорын  өндірісті кеңейту үшін инвестор іздестіруде.  Зауытқа қажетті шикізаттық майкене облыстың Отырар, Мақтаарал, Шардара және Арыс аудандарында өсіріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу