ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақысын аударады

985

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақысын аударады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Шымкент қаласы әкімдігі және облыстық басқармалар қызметкерлері қаладағы жеке үйдің жанынан жапсарлас салынған баспанадағы жарылыстан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аудармақ.

Зардап шеккен жанұяларларға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы жеке есеп-шоттар ашылады. Аталған мемлекеттік мекеме жұмыскерлері бір күндік жалақыларын қайырымдылық көмек ретінде береді, деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары да барынша жан-жақты көмек көрсетуге ниетті. 

Оқиға болған күні шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, аталған азаматтарға жергілікті бюджет қаржысынан медициналық және әлеуметтік көмек қолдаулары көрсетілді. Сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларды уақытша баспанамен  қамту мақсатында қаладағы 17-18 шағын ауданынан пәтер ұсынылып отыр. Және оқыс оқиғадан қаза болған азаматшаның жерлеуі тиісті мекеме тарапынан ұйымдастырылып, тиісті қолдаулар жасалды. 

8 қаңтар күні 3 сағат 55 минутта жеке үйге тақалып қам кесектен салынған барак тәрізді баспанада газауа қоспасының жарылысы орын алған болатын. Аталған ғимараттың  техникалық төлқұжаты бойынша гараж екені анықталған.  

Алғашқы тұжырым бойынша жарылыстың себебі – шетелде шығарылған сертификатталмаған жылыту пешін дұрыс пайдаланбау болып отыр.  

Орын алған жағдайдың себептеріне  зерделеу мақсатында  қала әкімінің міндетін атқарушы Б.Жанбосыновтың өкіміне сәйкес арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу