ОҚО-да өткен "Шабыт" шеруіне 200 мыңға жуық оқушы қатысты

890

ОҚО-да өткен "Шабыт" шеруіне 200 мыңға жуық оқушы қатысты

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір мезетте жас музыканттардың екінші "ШАБЫТ" шеруі болып өтті. Елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін биылғы шеруде облыс бойынша 200 мыңға жуық оқушы қатысуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. 

Жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қала бойынша 20 мың оқушы қатысты. Сонымен қатар 200 мектеп оқушы "Мен қазақпын" әніне флешмоб ұйымдастырды. Музыкалық-театрландырылған шеру балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, балалық шақ мейрамының айрықша әсерін есте қалдырды.

Айта кетейік, 2016-2017 жылдар аралығында 370-ке жуық өнерпаз балалар халықаралық деңгейде өткен байқауларға қатысып, 174 жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасында 52 спорт түрінен ІХ жазғы спартакиада өтуде. Оған 28 ОҚО құрама команда қатысып, оның 15-і бірінші орынды, ал 5-уі екінші орынды иеленсе, үшінші орынды 5 бала иемденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу