ОҚО-да өткен жылы 40 мың тауар өндіруші мемлекеттік қолдауға ие болған

904

ОҚО-да өткен жылы 40 мың тауар өндіруші мемлекеттік қолдауға ие болған

ОҚО-да өткен жылы 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болған, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осының нәтижесінде 2017 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд теңгені құрап,  2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 77,4 млрд теңгеге артқан.  Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі бойынша облыс 2-орында. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы мәлім етті.

Сондай-ақ "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" облыстық филиалының жарғылық  капиталы арқылы бөлінген 4,8 млрд теңге қаржы толығымен игерілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында  850-ге жуық шаруа қаржылай қолдау алған.

Салалық басқарманың мәліметінше, ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 38 млрд теңгені құрап,  2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге артқан. Ал ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 231,5 млн АҚШ долларын, импорт көлемі 356,5 млн АҚШ долларын  құраған.

Сонымен бірге осы саладағы жұмысты жандандыру үшін жаңа 1031 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Жалпы облыс бойынша 16530 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу