banner

ОҚО-да салықтан жиналған қаржы 251 миллиард теңгені құралды

947

ОҚО-да салықтан жиналған қаржы 251 миллиард теңгені құралды

ОҚО-да биылғы 10 айда салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 103 пайызға орындалды. Белгіленген жоспар 245 млрд теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд теңге өндірілген. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді.

"Республикалық бюджетке межеленген жоспар 151 млрд теңге болса, ол 101 пайызға орындалып, 152 млрд теңгені құрады. Ал жергілікті бюджет бойынша 94 млрд теңге жоспарланса, нақты 99 млрд теңге өндірілді. Нәтижесінде жоспар 106 пайызға орындалып, жергілікті бюджет қоржынына артығымен 5 млрд теңге түсті", - деді  Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Қазіргі таңда ОҚО-да 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден биылғы 10 айда мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд теңге көлемінде салық түскен.

Елбасы тапсырмасына орай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салықтық тексерулер саны 2017 жылы былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға кеміген. Сондай-ақ, 10 айда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 100 пайызға  орындалып, 51 млрд теңгені құрап отыр.

Бұдан бөлек облыстың сыртқы тауар айналымы 10 айда 1 млрд 438 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты — 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу