ОҚО-да Ұлыстың ұлы күні 200-ден аса сәби дүниеге келді

1127

ОҚО-да Ұлыстың ұлы күні 200-ден аса сәби дүниеге келді

ОҚО-да Ұлыстың ұлы күні 200-ден аса нәресте дүниеге келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Мереке күні дүниеге келген сәбилердің арасында егіз ұлдар да бар. Демографиялық өсімге үлес қосқан бұл өңірде еліміздегі әрбір төртінші нәресте өмір есігін ашады. Ал облыстағы №4 перинаталдық орталық дәрігерлері болса, жаңа жылда аяғы ауыр келіншектердің саны көп екендігін айтады. Бір ғана осы орталықта 19 бала өмірге келді.

"22 наурыз күні облыстық №4 перенеталдық орталықта 19 әйел босанды. Оның ішінде 11 қыз бала, 8 ұл бала дүниеге келді. Бір анамыз егіз ұл босанды. Қазақ халқын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!", - дейді облыстық №4 перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Айгүл Байкөбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу