ОҚО-да үш баланың өмірін қиған қайғылы жағдай орын алды

971

ОҚО-да үш баланың өмірін қиған қайғылы жағдай орын алды

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында тұрғын үйде өрт болып, үш бала көз жұмды, тағы бір адам зардап шеккен, деп хабарлайды Today.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан ақпараты бойынша, өткен түні Шолаққорған ауылында жер үй отқа оранған. Оқиға орнында 2005, 2006 және 2011 жылы туылған үш бала қаза болды. Сонымен қатар, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.
Өрт аумағы 250 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 11 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу