ОҚО-да жаңа басқарма құрылып, төрт басқарманың атауы өзгертілді

1227

ОҚО-да жаңа басқарма құрылып, төрт басқарманың атауы өзгертілді

Оңтүстік Қазақстанда облысты басқару схемасы негізінде 23 басқарманың кейбірінен бірқатар міндет алынып, 4 басқарманың атауы қайта ауыстырылды. Туризмді дамыту және тартылатын сыртқы инвестицияның көлемін арттыру мақсатында жаңа басқарма құрылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған басқармалардың атауын өзгертіп, жаңа басқарма құру  туралы шешім өткен жылдың қазан айында өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітілген болатын. Атап айтсақ, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының туризм саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып "Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және  сыртқы байланыстар басқармасы" құрылып, "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" болып қайта аталды.
Ал облыстық мәдениет басқармасы "Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" болып, облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы "Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" болып қайта аталды. Оған облыс әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Бұдан бөлек, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және балалардың құқығын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып,  "Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы" болып ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу