ОҚО-да Жаңа жыл түні 167 нәресте өмірге келді

917

ОҚО-да Жаңа жыл түні 167 нәресте өмірге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында Жаңа жыл түні 167 нәресте дүние есігін ашты. Оның 87-сі ұл бала. Дәрігерлер шақалақтар мен аналардың жағдайы өте жақсы дейді. Бір ғана №1 облыстық перинатальды орталықта 2015 жылдың 11 айында 8600 бала туған. Ал мешін жылы ол көрсеткіш мың нәрестеге өскен, деп хабарлайды 24Хабар.

Дерттің алдын алу мен жүкті әйелдерге дер кезінде көмек көрсетудің арқасында ана өлімі 30,5%-ға төмендеген. 3 миллионға жуық халқы бар облыста жылына 80 мың бала жарық дүние есігін ашады. Елімізде дүниеге келетін әрбір 4-ші сәби оңтүстікте өмірге келеді. 17 миллионыншы қазақстандық та осы өңірде туған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу